Қазан айының 3-күнi Шардара қаласының Спорт кешенiнде Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына арналған қазақ күресiнен 2003-2004 жылы туылған жасөспiрiмдер арасындағы Түркiстан облысы кубогының командалық жарысы өттi.
Жарыстың ашылу салтана-тында сөз алған Шардара ауданы әкiмi Қайрат Жолдыбайұлы ауданымызда спорттың қарқын-ды дамып келе жатқанын, соның iшiнде күрес түр-лерiнен де әлем-дiк деңгейдегi спортшылар шығып жатқанын тiлге тиек етiп, барша қатысушы спортшыларға сәттiлiк тiледi.
Сөз соңында жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласында грепплингтен өткен әлем чемпионатында қола жүлдегерi атанған Бақдаулет Абызовты және «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң 95 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресiнен дәстүрлi турнирде “Түйе палуан” атанған Шамшидинов Қайсарды Алғыс хатымен және бағалы ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Сол сияқты ауданымыздың спортшыларын дайындап жүрген, Шардара ауданының қазақ күресi бойынша жаттықтырушысы Ақжаров Мұңайтпасты және Түркiстан облысында қазақ күресiнiң дамуына сүбелi үлес қосып жүрген қазақ күресiнен жасөспiрiмдер арасында Түркiстан облысы бойынша аға жаттықтырушы Бегасилов Нұрзатты да Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жарысқа облысымыздың түкпiр-түкпiрiнен бiрнеше команда жиналып, жарыстың қызықты әрi тартысты өтуiне палуандарымыз өз деңгейiнде атсалысты. Боз кiлемнiң шаңын шығарып, беттерi аққан қара терге шомылған жерлес палуандарымыз ерледi. Ақтық сында Төле би ауданының палуандарымен күш сынасқан жерлестерiмiз 3-2 есебiмен жеңiске жетiп, тұғырлы алтын алқаны абыроймен жеңiп алды.
Жалпы командалық есеп бойынша I орын - Шардара ауданы, II орын - Төлеби ауданы, III орын - Ордабасы ауданы және Отырар ауданына бұйырды.
Үздiк спортшы болып Түркiстан қаласының спортшысы Нәдiрулла Үсен марапатталса, жүлделi орындардан көрiнген командалар мен спортшыларға кубок, грамота, медальдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Барша жеңiске жеткен жерлестерiмiздi жеңiстерiмен құттықтай келе, алдағы үлкен дүбiрлi додаларда жеңiс тұғырынан көрiне берулерiн тiлеймiз!
Ж.СЕЙДУӘЛИЕВ.