Қазан айының 27-сі мен қараша айының 3-і аралығында Орал қаласында волейболдан 2013-2014 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өтті.

Аталған жарыста облысымыздың атынан Шардара аудандық №1 БЖСМ спортшылары да қатысып, бақ сынады. Еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналған ойында Түркістан облысының құрамасы керемет нәтижеге қол жеткізді.

Облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз Естай Құралбекұлы, Ғаламат Нұрболатұлы және Геннадий Стрельцовтар волейболдан Қазақстан чемпиондары атанды!

Бұл үлкен жетістік – қажырлы еңбек пен жаттықтырушы еңбегінің жемісі.

Чемпиондарымызға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз.

Өз тілшімізден.