Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ШАРДАРА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі 26/41 қаулысына сәйкес Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

 Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Шардара ауданы, Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі, № 2Г, тел.: 8 (72535) 5-94-11.

Комиссия төрағасы – Кошалиев Серик Сарсенбекович;

Төрағаның орынбасары – Тилегенов Усенбек Абдирасилович;

Хатшысы – Ибрагимов Кайрат Танжарбаевич;

Комиссия мүшелері:

Бекмуратов Рахимжан Бердибекович;

Куралбаев Айтжан Оналбекулы;

Муталиева Мария Ганиевна;

Оразбаев Сапаргали Берикбаевич 

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00–18.30; түскі үзіліс: 13.00–14.30.

 

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ШАРДАРАДАҒЫ СУ НЫСАНДАРЫНА...
ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ШАРДАРАДАҒЫ СУ НЫСАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
  31 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан об...

Толық оқу

ШАРДАРАДА ҮКІМЕТТІК КЕҢЕС ЖИЫНЫ...
ШАРДАРАДА ҮКІМЕТТІК КЕҢЕС ЖИЫНЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сап...

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ШАРДАРА...
ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ШАРДАРАДАҒЫ СУ НЫСАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Толық оқу

ШАРДАРАДА ҮКІМЕТТІК ...
ШАРДАРАДА ҮКІМЕТТІК КЕҢЕС ЖИЫНЫ ӨТТІ

Толық оқу

"ТАМАДАН" ТАЗА СУ КЕ...
"ТАМАДАН" ТАЗА СУ КЕЛДІ

Толық оқу

САЙЛАУДЫҢ ҮГІТ-НАСИХ...
САЙЛАУДЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗЕҢІ ҚЫЗА ТҮСУДЕ

Толық оқу

ДАНИЯР РОМАН – КӘСІБ...
ДАНИЯР РОМАН – КӘСІБИ ЛИГА ЖЕҢІМПАЗЫ

Толық оқу

ДАНАЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ
ДАНАЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ

Толық оқу

ЖАСТАР КІТАП ОҚУДЫ Д...
ЖАСТАР КІТАП ОҚУДЫ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРУЫ ТИІС

Толық оқу

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – Х...
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

Толық оқу

ЗАУЫТ ЖҮГЕРІ ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ

Жарияланды: 13 Қазан 2023
Қаралды: 662

Маусым айында құрылысы басталған жүгері өңдеу зауыты биыл күзде шаруалардан жүгері қабылдауды бастады. «Казкрахмал» компаниясы Шардарада салып жатқан жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның құны – 31 млрд теңге, онда 550 жұмыс орны ашылу көзделген.

Толық оқу ...

СЕНІМ БІЛДІРГЕН АДАМДАР МЕН БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жарияланды: 13 Қазан 2023
Қаралды: 756

Сенім білдірген адамдар, Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушыларының құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20-1, 31 баптарында бекітілген.

 Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн білдіретін сенiм бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.

Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бой-ынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.

Кандидат, саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi. Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.

Сенiм білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс және ол Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады және кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның өздеріне жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етеді.

Саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушылар ретінде жіберіледі.

Байқаушының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға көрсетіледі.

Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу тәртібін Орталық сайлау комиссиясы, ал өңірлерде аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды. Аккредиттеудің  мерзімі бір жыл болады.

Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары мен сенім білдірген адамдар:

- сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;

- дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;

- дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;

- тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;

- сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;

- тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;

- сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;

- учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;

- дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;

- дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;

- дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;

- сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары, сенім білдірген адамдар:

- олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;

- сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;

- сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;

- сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;

- өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;

- Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;

- алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;

- фото, аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы

Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

 Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны, сенім білдірген адамдарды  тіркеудің күшін жоюға құқылы.

А.Искаков, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының  орынбасары.

 

УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІМЕН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Жарияланды: 13 Қазан 2023
Қаралды: 761

11 қазан күні аудан орталығындағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары  А.Искаков, комиссия мүшесі М.Муталиевалар

Толық оқу ...

2023 ЖЫЛҒЫ 5 ҚАРАШАҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ШАРДАРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫНА ҮМІТКЕР БОЛЫП ТІРКЕЛГЕНДЕР ТІЗІМІ

Жарияланды: 06 Қазан 2023
Қаралды: 715

АЗАМАТТАР САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІМЕН ТАНЫСУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Жарияланды: 06 Қазан 2023
Қаралды: 633

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 4-тарауы 24-26-1  баптарында сайлаушылар тiзiмдерi және оларды қалыптастыру тәртiбi белгіленген. Соған сәйкес Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады.

Толық оқу ...

ӘКІМ САЙЛАУЫ 5 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

Жарияланды: 06 Қазан 2023
Қаралды: 593

Парақ 87 барлығы 215

  • 82
  • 83
  • 84
  • ...
  • 86
  • 87
  • 88
  • 89
  • ...
  • 91

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ШАРДАРАДАҒЫ СУ НЫСАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
  • ШАРДАРАДА ҮКІМЕТТІК КЕҢЕС ЖИЫНЫ ӨТТІ
  • "ТАМАДАН" ТАЗА СУ КЕЛДІ
  • САЙЛАУДЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗЕҢІ ҚЫЗА ТҮСУДЕ
  • ДАНИЯР РОМАН – КӘСІБИ ЛИГА ЖЕҢІМПАЗЫ

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ДАНИЯР РОМАН – КӘСІБИ ЛИГА ЖЕҢІМПАЗЫ

Жерлесіміз Данияр Роман әлемдегі ең беделді кәсіби лигалардың бірі саналатын East vs West 25 турнирінде жарқын жеңіске қол жеткізді. 

Толық оқу ...

ҰЛЖАН – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Жуырда Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U23 Азия чемпионаты өтті. Жерлесіміз Ұлжан Сәрсенбек – 57 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Осы чемпионатта айырықша көзге түсіп, ел қоржынына күміс медаль салды.

Толық оқу ...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

Таяуда аудан әкімі  Арман Романұлы Қарсыбаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесі жан-жақты зерделеніп, заң аясында шешу жолдары қарастырылды. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Толық оқу ...

ТҮЛЕКТЕР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Шардара қаласындағы Шардара жалпы орта мектебін 2006 жылы бітірген азаматтар елге үлгі боларлық игі іс жасап, мұқтаж отбасыға жаңа баспана сыйға тартты. Адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналған бұл сауапты іс көпшіліктің жүрегін тебірентті.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір