11 қазан күні аудан орталығындағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Искаков, комиссия мүшесі М.Муталиевалар
Шардара ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 5 қараша 2023 жылға тағайындалған пилоттық жобада өтетін Шардара ауданы әкімінің сайлауын даярлау және өткізу мәселелері бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін және басқа да сайлау процесіне қатысушыларды құқықтық оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес, Шардара қаласында, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауылдық округі аумағында орналасқан №849, 904, №850, №905, №851 №852, №853, №854, №855, №856, №857, №858, №859, №860, №861, №906 және №862 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерімен көшпелі семинар-кеңес өткізді. Семинарға учаскелік сайлау комиссияларының 101 мүшелері қатысты.
Семинар барысында А.Искаков бүгінгі таңда кандидаттыққа ұсынылғандардың тіркеу мерзімі аяқталып, үгіт-насихат жұмыстарының басталғанын, бірінші рет өткелі отырған пилоттық режимдегі аудан әкімі сайлауының маңыздылығын ескере отырып, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлау өтетін күнгі негізгі міндеттерін және бір рет пысықтады. Сонымен қатар ҚР Орталық сайлау комиссиясының бекіткен нұсқаулығының талаптарына сәйкес сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру дайындығы мәселелеріне тоқталды. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету, олардың дауыс беруіне барлық жағдайды жасау, дауыс беру үй-жайына кіре берісте тұтқалардың, пандустың болуы, тактильді тақтайшалар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұрыш, кабинаны тиісті құрал-жабдықтармен жасақтауға баса назар аударды.
Семинар-кеңестің барысында қатысушылардың тараптарынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар беріліп, пікірлер алмасылды.
Семинар-кеңестің қорытындысында сайлау өтетін күні туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талабы бойынша шешуге арналған практикалық тренинг өткізілді.
Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.