Құқықтық мемлекеттің тірегі – Заң. Мемлекетте татулық пен тыныштық орнауы үшін барлық азаматтар заңға бағынуы, заң талаптарын сақтауы керек.

Өкінішке орай, «қылмыстың өтеуі – жаза» екенін білсе де, заңбұзушылыққа баратын жандардың арамызда бар екені жасырын емес. Олардың қателігін ұғындыру, қайта тәрбиелеу, қатарға қосылуына жағдай жасау мақсатында елімізде атқарылып жатқан шаралар ауқымды.

жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

Президент Көкше төріндегі құрылтайда осыдан үш жыл бұрын наурыз айында жариялаған Жолдауына сай жүргізілген қоғамдық-саяси реформаларға тоқталып, ел ішіндегі оң өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосқанын атап өтті.

Қадірлі   ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Апта басында аудандық мәдениет сарайында облыс прокурорының тапсырмасына сәйкес, аудан прокуроры Алмас Әлінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиева «Отбасы берекесі» кітабының жарыққа шығуымен таныстырып, отбасы құндылықтары тақырыбында кездесу өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

 

Апта басында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте Шардара қаласы әкімінің атқарып жатқан жұмыстары және әрбір саладағы биылғы жылы атқарылатын жұмыстар сараланды.

Жуырда Түркістан облыстық мәслихат депутаты Бахытжан Серманизов өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Шардара ауданының халқымен кездесу өткізді.