«Қызмет»  мемлекеттiк, банк мекемелерi және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерiнiң салалық кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгi Шардара аудандық филиалының ұйымдастыруымен Астана күнiне орай «Қасиет» қызмет көрсету орталығында «Ағалар салған сара жол» тақырыбында ардагерлер, мемлекеттiк қызметшiлер мен мүмкiндiгi шектеулi жандар арасында бильярд, шахмат, дойбы, стол теннисi және тоғызқұмалақтан жарыс өттi. Жарыстың мақсаты – ардагерлер мен жастар арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттiк қызметтiң беделiн көтеру.

Сейсенбі күні ауданымыздың 1-10 сынып оқушылары "Біркөлік" демалыс орнына 10 күндік жазғы лагерьге аттанды.

Атап айтқанда, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан 200 оқушы демалысқа жолдама алды.

Ағымдағы жылы жазғы лагерьге дәл осындай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан бас-аяғы аудандағы 30 мектептен 1000 оқушы барады. Аудандық ішкі істер бөлімінен екі қызметкер бөлініп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, демалыс орнына дейін аман-есен жеткізу жүктелді.

Оқушылардың жазғы демалысы мемлекет қаржысы есебінен төленуде.

Оқушыларды жазғы лагерьге шығарып салуға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев оқушыларға пайдалы да, сәтті демалыс тілеп, барынша қауіпсіздікті сақтай отырып, үлгілі оқушы болып жүрулерін атап өтті.

 Р.ПЕРДЕБЕК.

       АҒЫМДАҒЫ ГАЗЕТТІҢ PDF-НҰСҚАСЫН КӨРУ ЖӘНЕ ЖҮКТЕП АЛУ МҮМКІНДІГІҢІЗ БАР

 

Осы сілтемеге өтіңіз  >>>>