- Қаралды: 108
Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету керектігін түсіндіру мақсатында 30 сәуір күні
- Қаралды: 192
Кешегі аптада Түркістан қаласында педагогтер арасында «ROBOTUR V» облыстық байқауы өтті. Аталған байқауға Шардара ауданының ұстаздары да қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Облыс көлеміндегі барлық аудандардан қатысқан командалар арасында шардаралық мұғалімдер 8 санат бойынша 5 жүлделі орынға ие болды.
Атап айтқанда, «Лабиринт» санаты бойынша бірінші орын, «Innovation Project» санаты бойынша екінші орын, «Robot Design» және «Инверсті сызық» санаты бойынша үшінші орындарды жеңіп алды. Бұдан бөлек «Көрме» санаты бойынша 2 мадақтамаға ие болды.
Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте 18 команда арасында Шардара ауданы ІІІ орынды иеленді.
Бұл жеңіс – ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Шардаралық ұстаздардың табысы – ауданымыздың білім саласындағы биік белестерге ұмтылысының айқын дәлелі.
Ұстаздар қауымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
Өз тілшімізден.
- Қаралды: 191
28 сәуірде Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
- Қаралды: 200
Құрметті жерлестер!
Сіздерді татулық пен келісімнің үлгісіне айналған «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
- Қаралды: 160
Аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев индустриалды аймақта орналасқан “Казкрахмал” жүгеріні терең өңдеу зауытына арнайы барып, нысанның қазіргі жағдайымен және өндірістік процесінің барысын қарады.
- Қаралды: 284
Кешегі аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экофестивалі аясында Астанадағы «Жастар» саябағында ағаш екті. Оған экобелсенді жастар да қолдау білдіріп, табиғатқа қамқорлық білдірудің жарқын үлгісін көрсетті.
Парақ 2 барлығы 160