- Қаралды: 1211
Елбасымыз, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғаны белгiлi. Мемлекет басшысы отансүйгiштiк сезiмнiң кiндiк қаның тамған жерiңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңiрiңе, яғни, туған жерiңе деген сүйiспеншiлiктен басталатынын қадап айтқан едi. Елбасымыз бұл жөнiнде «Туған жердiң әрбiр сайы мен қырқасы, тауы мен өзенi тарихтан сыр шертедi.
- Қаралды: 588
Өткен аптада аудандық мәдениет сарайында аудандық қоғамдық келiсiм кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы өтiп, оған қала, ауыл округтердегi мешiттердiң имамдары, ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен медиаторлары қатысты.
- Қаралды: 1268
Румыния елiнiң Констанца қаласында армрестлинг спорты бойынша өткен әлем чемпионатында шардаралық спортшылар тамаша ойын өрнегiн көрсетiп, ел қоржынына 14 алтын медаль салды. Тағы да 14 спортшымыз жүлдегер атанды. Абыройымызды асқақтатқан құрыш бiлектi спортшыларымызды елге оралған соң жерлестерi зор құрметпен күтiп алды.
- Қаралды: 1159
Бейсенбек Бибосынов...
Бұл есiм әнсүйер қауымға етене таныс есiм. Бейсенбек елдi елең еткiзердей аса зор дауысымен құйқылжыта ән салғанда тыңдарман көпшiлiк «апыр-ай, ә» – деп тамсанар едi. Талантты ұлдың өнерiне ерiксiз риза болып, ықыластана қол соғушы едi. Ия, ендiгi жерде Бейсенбек туралы тек өткен шақпен әңгiме өрбiтетiнiмiз өкiнiштi-ақ.
- Қаралды: 1236
Ауданымызда биылғы жылдың күзгi жиын-терiм науқаны күн өткен сайын қарқын ала бастады.
Айталық ауданда 23704 гектар танапқа шит егiлiп, одан 64423 тонна шиттi мақта жинау жоспарланған болса, қазiрге дейiн 6500 тоннадан астам өнiм жиналып, жоспар 10 пайыздан астам орындалды. Оған Жаушықұм, Алатау батыр және Көксу ауылдық округiнiң мақташылары өзiндiк үлестерiн қосып, “ақ алтын” қырманын биiктетуде. Өнiмдiлiк те көңiл толарлықтай. Жаушықұм ауылының мақташылары 400 тоннадан астам ақ ұлпаны техника күшiмен жинап, мақта терiмi жоспарын 20 пайыздан асырды.
- Қаралды: 1237
Аптаның дүйсенбiсiнде аудан әкiмi Қайрат Жолдыбайұлы қала, ауыл округ тұрғындарын жеке мәселелериi бойынша қабылдады.
Өз өтiнiштерiмен келген азаматтардың басым көпшiлiгi атака әлеуметтiк көмек, тұрғын үй кезеги, жер мәселелериi туралы айтты. Тұрғындардың мәселелерiна мұқиит тыңдағано аудан басшысы көтерiлген мәселелердiң қолданыстағы заңен аясынд оң шешiмiны үшiны тиiстi табу жұмыстар атқарылатындығын түсiндiрiп, тиiс бөлiм басшыларына жәна қали, ауылдық округ әкiмдерiы нақты тапсырмалар бердi.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.
Парақ 157 барлығы 160