13-17 қараша күндері аралығында Қытайдың Хайнин қаласында гір спортынан Әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасының сапында жерлестеріміз ел намысын қорғап, бірнеше жүлделі орындарды еншіледі.

Атап айтсақ, 85 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбатыр Тұрғанбай екі бағдарлама бойынша жүлделі орыннан көрінді (жұлқа көтеруден 3 орын, серпе көтеруден – 3 орын). Сонымен қатар, эстафеталық командалық жарыста Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, 2-орынға ие болды. Бұдан бөлек 78 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Қуаныш ұзын цикл бағдарламасы бойынша 3 орынды иеленді.

Әлем чемпионатында жүлделі болған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы байрақты бәсекелерде биік тұғырлардан көрінулеріне тілектеспіз.

«Өскен өңір» – ақпарат.