
Еліміздегі ең жоғарғы заң шығарушы билік органына аса күрделі саяси өзгеріс жасала отырып, Құрылтай сайланды. Кеше ғана өткен Құрылтайдың алғашқы сессиясында маңызды мәселелер қаралып, оның төрағасы мен орынбасарлары да сайланып үлгерді. Ендігі кезекте, Заң шығарушы бір палаталы Құрылтайдың комитеттері де құрылып, толыққанды жұмыстарын бастайтыны анық.
Мемлекет басшысы биылғы жылы еліміздің Конституциясына айтарлықтай өзгеріс енгізу мақсатында іргелі істер атқарғаны белгілі. Нәтижесінде жаңа Конституция дүниеге келіп, елдің саяси өмірінде жаңа да, жарқын беттер ашылды деп айтуға толық негіз бар.
Бір палаталы Құрылтай туралы айтар болсам, негізгі мәселе, оның қалың бұқараға берер пайдасында болса керек. Құрылтай жаңа заңдарды қабылдай отырып, елдің дамуына тың серпін енгізуі қажет деген ойдамын. Және дәл солай боларына да сенімдімін. Өйткені, қалың бұқара Құрылтайдан көп үміт күтетіні анық. Бұл жолғы сайланған депутаттардың да білімі мен білігі, тәжірибесі мен кәсіби деңгейі жоғары болатынына сенімім бол. Себебі, бұл жолғы сайлау еліміздегі жаңа белесті көрсетті. Мемлететіміздің саяси дамуы айқын да, анық түрде алға қадам басты. Дәл қазіргі сәттегі жер-жаһан көз ілеспейтін жылдамдықпен даму үстінде. Жаңа технологиялар жер жүзін жаулауда. Бұған қоса халықаралық деңгейдегі геосаяси тұрақсыздық пен саяси шиеленістер де кез келген елдерді терең ойланып, шешім қабылдауға мәжбүр етеді. Міне, осы жәйттерді ескере отырып, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың көп ұзамай нақты нәтижелерін көреміз деген ойдамын.

Ал, жаңа Құрылтай ел дамуындағы даңғыл жолдың берік негізі болуы тиіс. Заң шығарушы органға партиялық тізім бойынша сайланған депутаттардың мойындарына артқан жүктерді тым ауыр. Ал, олардың арасынан оқ бойы озып шығып, мәреге бірінші жеткен «Әділет» партиясының орны тым бөлек. Бұл жолы «Әділет» саясат сахнасына берік орнықты. Олар халықтың аманатын арқалады.
Кәсіби Құрылтай қарқынды жұмыс жүргізеді деп ойлаймын. Оған сайланған бес партияның да алар асулары алда. Тәуелсіз еліміздегі қолға алынған саяси реформалардың жемісін көре берейік.
Н.Смаилов,
Шардара аудандық
тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі.





