
19 тамыз күні Түркістан қаласында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы өткен болатын. Конференцияда білім беру саласындағы негізгі мәселелер қаралды. Сонымен қатар облыс көлемінде жемісті еңбек етіп жүрген бір топ ұстаздар түрлі марапаттарға ие болды.
Жерлесіміз, А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еселі еңбек етіп жүрген Рыспаева Гүлзәкира Әуелбекқызы «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Гүлзакира Рыспаева – ұстаздар отбасынан шыққан. Әкесі Әуелбек Рыспаев пен анасы Зөһара Маманқызы бар саналы ғұмырларын бала оқытуға арнаған, бұрынғы «Восход» орта мектебінде еселі еңбек еткен ұлағатты ұстаздар.
Г.Рыспаеваны айтулы марапатымен құттықтай отырып, заман талабына бейімделген, білімді, бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарына толайым табыс тілейміз.
«Өскенөңірліктер».




