Қазіргі таңда Ташкентте жеңіл атлетикадан lll Орталық Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде біздің жерлестеріміз де Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғап жатыр. Аталмыш бәсекеде жерлесіміздің нәтижелі көрсеткішінен соң, ел құрамасы алғашқы алтынды еншіледі.

Жерлесіміз Есіркеп Ұлбосын найза лақтыру сайысында 38,85 метр көрсеткішпен жеңімпаз атанды. Екінші орынға өзбекстандық Анна Чикалова (35,08 м), үшінші сатыға оның отандасы Зульфия Иброгимова (35,06 м) жайғасты.

17 жастағы Ұлбосын үшін бұл – биылғы маусымдағы алғашқы жеңіс. Бұған дейін ол Астанада өткен ҚР чемпионатында үздік үштіктен көрінген болатын.

Апта барысында ел намысын абыроймен қорғап, Азия чемпионатында топ жарған спортшы қызымыз Есіркеп Ұлболсын туған жерге жеңіспен оралды. Жеңімпазды туған-туыстары, жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен жерлестері ерекше ықыласпен қарсы алып, құттықтау тілектерін білдірді.

Бұл жеңіс – спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, бапкерлердің қажырлы жұмысының жемісі.

Ұлбосынды айтулы жеңісімен құттықтаймыз. Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер болсын!

«Өскен өңір» – ақпарат.