Қазіргі таңда Сүткент ауылдық округіндегі бас су торабы мен ауызсу жүйелерін қайта құрылымдау жұмыстары жүріп жатыр. Апта барысында аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев аталған құрылыстағы жұмыстардың барысымен танысты.

Аудан басшысы ауыл тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтіп, тиісті басшылар мен сала мамандарына құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, жұмыстың сапасы мен мерзіміне баса назар аударуды тапсырды.

Жоба толық іске асқаннан кейін ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттырып, су қысымын жақсартуға мүмкіндік береді. Аудан әкімі құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды және туындаған мәселелерді жедел шешуді міндеттеді.

 «Өскен өңір» – ақпарат.