
Шардара қаласындағы Абай мәдениет үйінде "Республика күні" ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының мәслихат төрағасы болған Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Романұлы жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің ел тарихындағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, тәуелсіз еліміздің өркендеуі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
Мерекелік шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасполатұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Сонымен қатар, Шардара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, бірқатар азаматқа «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Атап айтқанда, Нұрғали Ибраимовке, Дүрия Исмаиловаға, Қалдыбек Төлегеновке, Тұрысбек Муталиевке, Сәуле Беркінбайға, Бахтияр Спановқа, Есенбай Күлембаевқа, Қалдықыз Қошимоваға, Дархан Дүйсеновке және Берік Тағабаевқа ауданның дамуына қосқан үлестері үшін құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Романұлының атынан түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген Қалмырза Эльмира Әмірбекқызына, Оразбаев Сапарғали Берікбайұлына, Мүталиева Бибігуль Тулепбергенқызына, Ақжігітова Эльмира Әнуарбекқызына, Пірназаров Мубасирхан Дүйсенбекұлына, Аңсар Әділет Әнуарұлына, Ибадуллаева Эльмира Жүсіпқызына, Молжұманова Парша Керімбекқызына, Байысбай Өскен Мамадиярұлына, Ережеп Бекжан Бауыржан-ұлына, Құралбаев Абзал Алтынбекұлына, Тұманбаева Рыскүл Қуантайқызына мерекелік құттықтаулар мен марапаттар табысталды.
Республика күні қарсаңында жарық көрген «Жайна, Шардара» әнінің авторлары Әбдіғаппар Әбубәкірұлы Айдаров пен Нұрмахан Қауысұлы Қарыға да алғыс білдірілді. Бұдан бөлек, аудан тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету және коммуналдық-инженерлік ин-фрақұрылым жүйелерін дамыту бағытында аянбай еңбек етіп жүрген Еркебұлан Қаратунов пен Ержан Нұрахов алғыс хаттармен және сый-сияпаттармен марапатталды.
Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін ұлық мереке. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан Шардара жұртының ортақ мақсаты – туған өлкенің өркендеуіне үлес қосып, Қазақстанның жарқын болашағы жолында бірге еңбек ету.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.





