Жерлесіміз, бұған дейін де талай додаларда топ жарған спортшы Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия пара ойындарында пара дзюдодан жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды!

Бұл – спортшының табандылығы мен қажырлы еңбегінің, жаттықтырушысы Шайманов Нұрболдың жүйелі дайындығының нәтижесі.

Құлмырза Бексұлтанды және жаттықтырушысы Шайманов Нұрболды тарихи жеңісімен құттықтаймыз.

Еліміздің мерейін үстем етіп, көк Туымызды көкке көтере бер!

Қоссейіт ауылының түлегі, боз кілемнің батыры Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы бұған дейін пара дзюдо бойынша Әлем чемпионатында әлем чемпионы атанған. Одан бөлек,  Грузия мемлекетінің Тбилиси қаласында пара дзюдо спортынан өткен Әлем кубогында да  бабында екенін дәлелдеп, қарсылас шақ келтірмей Әлем кубогының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бразилия елінің Сан-Паулу қаласында пара дзюдодан өткен Гран при Халықаралық турнирінде алтыннан алқа тағынған еді. Сонымен қатар, Б.Құлмырза ҚР еңбек сіңірген спортшысы.

Бексұлтанды алдағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді деп сенеміз.

Өз тілшімізден.