Жуырда Астана қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Соның ішінде Шардараның даңқын әлемдік деңгейде асқақтатып жүрген Құлмырза Бексұлтан Нұрланұы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл спортшының жылдар бойғы табандылығы мен қажырлы еңбегіне, спорттағы жоғары жетістіктеріне және ел намысын халықаралық жарыстарда абыроймен қорғаған еңбегіне берілген лайықты баға.

Бексұлтан Құлмырзаны жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, көк Туымызды биікте желбіретіп, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!

Жеңісің құтты болсын, Бексұлтан!

Шардара сенің жетістігіңді мақтан тұтады.

«Өскен өңір» – ақпарат.