Әйелдер мерекесiне орай ауданымызда тағы екi отбасы баспаналы болды.

Облыс әкiмiнiң «Қамқорлық» бағдарламасы аясында, бiр топ ел ағалары мен кәсiпкер азаматтар бiрiгiп, 7 баланың анасы Қарлығаш Мананбаеваға қаладағы С.Әшiров көшесiндегi көпқабатты үйден 3 бөлмелi пәтер кiлтiн тарту еттi.

Iзгi шараға аудан әкiмiнiң орынбасары Бауыржан Шомпиев, ауданның Құрметтi азаматтары Тәңiрбердi Ағманұлы, Бәкiр Қалмырза және басқалар қатысып, үйлi болған көпбалалы анаға құтты болсын айтысты. Сөз сөйлеген азаматтар  алдағы уақытта да осындай үлгi тұтар қайырымды шаралар жалғаса берсе екен деген тiлек бiлдiрдi.

5 наурыз күнi аудандық мәдениет сарайында “Өнер қырандары“ театрының концерттiк бағдарламасы қойылған болатын. Қазақстан мұсылмандары дiни басқар-масы, “Қарекет“ қайырымдылық қоры және театр ұжымы бiрлесе дайындаған концерттiк бағдар-лама соңында аталған ұжымдар тарапынан қала тұрғыны, 8 баланың анасы Регина Суевова-ға да үйдiң кiлтi табысталды. Баспана кiлтiн жерлесiмiз, “Өнер қырандары“ театрының актерi Сырымбет Бибосынов табыс еттi.

Ұлыстың Ұлы күнi қарсаңында баспаналы болған жандар шексiз ризалықтарын бiлдiрдi.

Аудан әкiмiнiң  баспасөз қызметi.