Жуырда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың құрметіне мектеп оқушылары арасында М.Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі өтті. М.Мақатаев оқуларының мақсаты – оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізуге баулу.
М.Мақатаев оқуларының облыстық кезеңіне жалпы білім беру ұйымдарынан 50-ге жуық оқушы қатысып, өзара сайысқа түсті. Шардара ауданынан Қазақстан жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Мамыр Мерей Ахметқызы қатысып, бақ сынады. Бұған дейін байқаудың аудандық кезеңінде бас жүлдеге ие болған Мерей Ахметқызы бұл жолы да өзінің өлеңқұмарлығын танытып, жүлделі 3-орынды жеңіп алды.
Мұзбалақ Мұқағалидың 500 жырын жатқа оқитын Мерей мен оны байқауға дайындаған пән мұғалімі Гүлмира Әділоваға мерейлерің үстем бола берсін дегіміз келеді.
Өз тілшімізден.