Өздеріңізге белгілі, Шардара ауданындағы индустриялды аймағында жүгері дақылын терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығаратын «Казкрахмал» зауытының құрылысы қарқынды жүруде. Зауыт құрылысы 2025 жыл аяқталып, іске қосылатын болады.
Сондай-ақ, Шардара ауданынан құралған арнайы делегация Жаркент қаласына барып, ауданда салынып жатқан жүгері зауытының басты филиалына барып, бүкіл өндіріспен танысты. Мұндай зауыт ел бойынша Жаркенттен бөлек Шардара ауданында салынуда.
Осыған орай, "Казкрахмал" ЖШС жұмыс істеуге ниетті жандарды жұмысқа қабылдау үшін Жаркент қаласындағы крахмал-сірне зауытына тәжірибе жинауға ауданнан бірқатар тұрғындардың алғашқы легін жіберді. Жұмысшылар әртүрлі салалар бойынша, атап айтқанда – технолог, тігінші, крахмал зауыты операторы тағы да басқа жұмыстарды үйреніп, қайта келіп зауытта жұмыс жасайтын болады. Жаркенттегі зауытта үйрену барысында айлық жалақы беріліп, жатахқанамен, тамақпен қамтамасыз етіледі. Басты мақсат – Шардарадағы зауыт іске қосылғанда өндіріс орнын дайын мамандармен толығымен қамтамасыз ету.
Егер «Казкрахмал» жүгері өңдеу зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға ниетті болсаңыз зауыт өкілдерімен (+77478270085) хабарласуға болады.
«Өскен өңір» – ақпарат.