- Қаралды: 248
“Қазақ аналары - Дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі Шардара аудандық филиалының ашылуы өтті.
Аптаның сәрсенбісінде аудандық мәдениет үйінде «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалының ашылуы іс-шарасы өтті. Аталмыш қоғамдық бірлестік өз жұмысын бастағалы оның филиалдары еліміздің қалаларында ашылып келеді.
- Қаралды: 252
Қараша айының алғашқы онкүндігінде Ташкент қаласында таэквондо ITF спортынан Әлем кубогы өтті. Аталған жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар қатысып, кіл мықтының ішінде кім мықтыны анықтады. Аталған дүбірлі додада Шардарадан шыққан 4 оғлан еліміздің намысын қорғады.
- Қаралды: 400
Облыс әкімдігінде Шардара ауданының 2030 жылға дейінгі даму жоспары талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардараның географиялық ерекшеліктерін, су қойманы, суармалы алқаптарын тиімді пайдалану керектігін айтты.
- Қаралды: 615
Апта барысында аудандық оқушылар үйінде жергілікті ақын, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы, «Қазыбек Иса атындағы шығармашылық бірлестіктің» төрағасы Лаханов Сәбит Қоспанұлымен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты – өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлердің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
- Қаралды: 470
Мұсылман қауымы үшін қасиетті деп саналатын жұма күні, нақты айтқанда 1 қараша күні Шардараның төрінде, талай тектілер шыққан атыраптың көгінде Алланың жердегі үйі саналатын зәулім мешіт ашылып, халық игілігі үшін пайдалануға берілді.
- Қаралды: 434
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес Нұрахов Ержан Сапарұлы 2024 жылғы 4 қарашадан бастап аудан әкімінің өкімімен Шардара ауданы әкімдігінің аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Парақ 17 барлығы 160