Республика күні қарсаңында облыс орталығы – Түркістанда «Жаса, жайна, Қазақстан!» атты салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, «Тұлғалар» прологымен ашылған мерекелік кештің көрнекті сәттері ұлттық мерекенің мәні мен маңызын жан-жақты айшықтады.

Кешегі аптада ауданымызда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, тұрғындар мен қонақтарды Республика күні мерекесімен құттықтады.

– Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

 

Қазақ әдебиетінде, оның ішінде поэзияда өзіндік орындары бар жерлестеріміз жетерлік. Шардара ауданынан шыққан ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, өзге саланың маманы болғанымен өлең-сөзде өзіндік орны бар екендігін танытып қойған Бауыржан Қарабеков, бүгінде арамыздан озған белгілі түркітанушы, сыншы-ғалым, ақын Әмірхан Балқыбек, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әлібек Шегебайлар бүгінде шардаралықтардың ғана емес, күллі қазақтың мақтанышына айналып отыр.

Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың ауданға инвестиция тарту туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө.Рүстемов және қала әкімі О.Айдосов Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына іссапармен барып, кездесулер өткізді.

Биылғы қазан айының 10-ы мен 15-і күндері аралығында Грекия елінің Корфу қаласында гір спортынан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті.

Жаушықұм ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаушықұм» мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай жастарды өнер мәдениетіне баулу арқылы танымдық қызығушылығын, сахна мәдениетін қалыптастыру, талантты жастарды қолдау мақсатында  «Болашақ үміт – жастарға сенім" атты тақырыпта аудан жастары арасында Жаушықұм әкімі кубогының ақтық сайысы өткізілді.