«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес Нұрахов Ержан Сапарұлы 2024 жылғы 4 қарашадан бастап аудан әкімінің өкімімен Шардара ауданы әкімдігінің аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ержан Сапарұлы 1986 жылғы 16 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында туған.
Білімі жоғары. Еңбек жолын Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастап, «Оңтүстік Қазақстан облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Шардара аудандық бөлімінде реттеу залының басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Отырар аудандық бөлімінде бөлім басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенттік бөлімінің басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Жетісай аудандық Асықата кенттік халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы, Шардара ауданы "Хамит" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде әкімшілік директор, Шардара ауданы "VITA" ЖШС директоры, Шардара қаласы әкімі аппаратының коммуналдық сала бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Ержан Нұраховты ресми түрде бөлім қызметкерлеріне таныстырып, қызметінде жемісті де жеңісті шаруалар атқарады деп сенім білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.