Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың:

- сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Мәслихаттар депутаттығына:

- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса,олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Дүниежүзілік мақта күніне орай, Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтіп, ау...

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады....

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРА...
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА

Толық оқу

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙ...
ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Толық оқу

АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК ...
АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

Толық оқу

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН...
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Толық оқу

СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗ...
СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Толық оқу

ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕ...
ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Толық оқу

ЕСІРКЕП ҰЛБОСЫН – ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Жарияланды: 28 Тамыз 2026
Қаралды: 105

Қазіргі таңда Ташкентте жеңіл атлетикадан lll Орталық Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде біздің жерлестеріміз де Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғап жатыр. Аталмыш бәсекеде жерлесіміздің нәтижелі көрсеткішінен соң, ел құрамасы алғашқы алтынды еншіледі.

Толық оқу ...

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды: 28 Тамыз 2026
Қаралды: 93

Апта барысында аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудан аумағындағы бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына, қауіпсіздігіне және белгіленген мерзімде орындалуына баса назар аударды.

Толық оқу ...

ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЕЛ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРУІ ТИІС

Жарияланды: 28 Тамыз 2026
Қаралды: 127

Кешегі аптаның жексенбісінде, 23 тамызда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. Еліміздегі барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді.

Аталған сайлау 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі саяси жаңғырудың кезекті белесіне айналды. Жаңа Ата заңымыз 1 шілдеде күшіне енді.

Конституциялық өзгерістерге сәйкес, Мәжіліс пен Сенаттан құралған бұрынғы қос палаталы Парламент жұмысын тоқтатты. Оның орнына елдің заң шығарушы билігін жүзеге асыратын бір палаталы Құрылтай құрылды.

Президент Тоқаев жаңа Құрылтайдың жұмысына зор үміт артатынын бұған дейін айтқан еді. Мемлекет басшысының пікірінше, Құрылтайдың құрылуы ел дамуына тың серпін беруге тиіс.

Апта барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің хабарлауынша, дауыс беруге 9 351 539 азамат қатысып, сайлаушылардың келу көрсеткіші 74,08%-ды құраған.

– Сайлау қорытындысы бойынша депутаттық мандаттарды бөлуге мына бес саяси партия жіберілді: «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Ауыл» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және Respublica партиясы. Қазақстанның «Байтақ» партиясы мен Қазақстан Халық партиясы 5%-дық шекті еңсере алмағандықтан, мандаттарды бөлуге қатыспайды, – деді Н.Әбдіров.

Сайлау қорытындысын тарата айтсақ,

- «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс, 71,17%;

- «Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс, 6,26%;

- Respublica партиясы – 509 631 дауыс, 5,56%.

- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 478 083 дауыс, 5,21%;

-Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс, 5,11%;

- Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс, 3,11%;

- «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы – 97 751 дауыс, 1,07% дауыс жинаған. «Бәріне қарсы» – 2,51%.

Осылайша, дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында төмендегідей бөлінеді: «Әділет» партиясы – 110 мандат, «Ауыл» партиясы – 10, «Respublica» партиясы – 9, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» – 8 мандат.

Жаңа бір палаталы заң шығарушы органға сайланған 145 депутаттың өкілеттік мерзімі бес жылға созылады.

Oskenonir.kz

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды: 28 Тамыз 2026
Қаралды: 135

Апта барысында Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев  Арман Романұлының төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарды пысықтауға арналған жиын өтті.

Толық оқу ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

Жарияланды: 23 Тамыз 2026
Қаралды: 152

Бүгінгі Құрылтай сайлауы ұйымдасқан түрде өтіп, ел азаматтарының белсенділігімен ерекшеленді. Сайлау барысында халық өз таңдауын жасап, қоғамдық өмірге деген жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Сайлауға қатысқан тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, лайықты деп санаған кандидаттарға қолдау көрсетті. Халықтың белсенділігі мен сайлау үдерісіне деген қызығушылығы ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартты.

Құрылтай сайлауында көрсетілген халық қолдауы – ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші. Сайлаушылардың белсенді қатысуы алдағы уақытта да елдің дамуына бағытталған бастамалардың жүзеге асуына оң ықпал етеді.

Бүгінгі сайлау нәтижесі халықтың өз таңдауына сенетінін және елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерге белсенді араласуға дайын екенін көрсетті. Бұл – қоғамдағы ынтымақ пен азаматтық белсенділіктің жақсы көрінісі.

Елдің ертеңі – халықтың бірлігі мен ортақ мақсатқа деген сеніміне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтай сайлауының жоғары деңгейде өтуі – маңызды қоғамдық оқиға.

Сәбит Лаханов, Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы.

АУДАНҒА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Жарияланды: 21 Тамыз 2026
Қаралды: 116

Кешегі аптаның барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы Шардара ауданының тұрғындары алдында депутаттық қызметі барысында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Толық оқу ...

Парақ 3 барлығы 221

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • ...
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
  • ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Толық оқу ...

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Жуырда «Қарттар күнінің» құрметіне Ұзын ата ауылдық мәдениет үйінде «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында аудандық термешілер байқауы болып өтті.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның көк туын қорғаған спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қырғыз Республикасында 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір