Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың:

- сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Мәслихаттар депутаттығына:

- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса,олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Дүниежүзілік мақта күніне орай, Түркістан облысында «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтіп, ау...

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
Шардара ауданында ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады....

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРА...
АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Толық оқу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА

Толық оқу

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙ...
ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ

Толық оқу

АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК ...
АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

Толық оқу

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН...
ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Толық оқу

СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗ...
СҮТКЕНТ АУЫЛЫ – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Толық оқу

ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕ...
ҰСТАЗДАРҒА ЗОР ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Толық оқу

ЖАСТАР КІТАП ОҚУДЫ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРУЫ ТИІС

Жарияланды: 24 Шілде 2026
Қаралды: 145

Қазақстан Республикасы Президенті 2026 жылғы 16 мамырда «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері елімізде аталған Жарлықты жүзеге асыру бағытында кешенді бағдарлама қабылданып, жер-жерде жүзеге асырылуда.

Толық оқу ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

Жарияланды: 24 Шілде 2026
Қаралды: 158

2026 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды тарихи сәтке – жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысады.

Толық оқу ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

Жарияланды: 24 Шілде 2026
Қаралды: 153

Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың сайлау құқығын толық жүзеге асыруы – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Осыған байланысты, сайлау күні денсаулық жағдайына немесе басқа да объективті себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін сайлау учаскесінен тыс дауыс беру мүмкіндігі заңмен қарастырылған.

Бұл тетік, ең алдымен, мүгедектігі бар азаматтардың, қарттардың, уақытша денсаулығына байланысты қозғала алмайтын сайлаушылардың және өзге де себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын адамдардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес, сайлаушы дауыс беру күні өзі тіркелген сайлау учаскесіне келе алмайтын болса, учаскелік сайлау комиссиясына алдын ала өтініш бере алады. Мұндай жағдайда, комиссия мүшелері арнайы тасымалданатын сайлау жәшігімен азаматтың тұрған мекен жайына барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырады.

Құрылтай сайлауына қатысу үшін мүгедектігі бар азаматтардың өз таңдауын жасап, дауыс беруіне жағдай жасау жөнінде барлық шаралар қабылдануда.

Түркістан облысындағы 952 сайлау учаскелері материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтылған. Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар азаматтарға арналған нысандар мен қызметтердің қолжетімділік картасына енгізілген.

Облысымызда дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылардың жалпы саны саны – 14 873. Оның ішінде, кресло-арбаларды пайдаланатыны – 3 365, көруі бойынша мүгедектігі барлар – 7 643, естуі бойынша мүгедектігі  барлар –  3 865. Сайлау күні осы аталған сайлаушыларға 65 инватакси және 49 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.

Жалпы облыс бойынша ерекше қажеттіліктер бар азаматтар үшін кедергісіз орта жағдайлары жасалған.

Барлық (952) учаскелерде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған азаматтар, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен және мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштармен қамтамасыз етілген.

Бұл рәсімнің барлық кезеңі заң талаптарына сай жүргізіледі. Дауыс берудің құпиялығы, еріктілігі және әділдігі толық сақталады. Комиссия мүшелері сайлаушының таңдауына ешқандай ықпал етпейді және сайлау заңнамасында көзделген барлық рәсімдерді қатаң орындайды.

Түркістан облысында да сайлаушылардың құқықтарын толық қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық учаскелік сайлау комиссиялары сайлау учаскесінен тыс дауыс беруді ұйымдастыруға қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Комиссия мүшелері арнайы оқытудан өтіп, сайлау заңнамасының талаптарын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді.

Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосылған маңызды үлес. Сондықтан, денсаулық жағдайына байланысты немесе өзге де дәлелді себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар заңда белгіленген тәртіппен сайлау учаскесінен тыс дауыс беру мүмкіндігін пайдалана алады.

Сайлау – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір сайлаушының дауыс беру құқығын қамтамасыз ету – сайлау комиссияларының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Түркістан облысының сайлау комиссиялары заң талаптарын басшылыққа ала отырып, әр азаматтың еркін таңдау жасауына қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

Қуандық Құлажанов,

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ЖЕРДЕ ДАУЫС БЕРУІ ТУРАЛЫ

Жарияланды: 24 Шілде 2026
Қаралды: 219

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу барысында ерекше назар аударатын жағдайдың бірі, ол сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй жайдан тыс жерде дауыс беру тәртібі мен құқықтары.

Толық оқу ...

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды: 17 Шілде 2026
Қаралды: 123

\Аптаның сейсенбісінде    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына, 8 бабының 2 тармағына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүталиев ашып, жүргізіп отырды.

Толық оқу ...

ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІК, КЕТКЕН КЕМШІЛІК САРАЛАНДЫ

Жарияланды: 17 Шілде 2026
Қаралды: 123

Апта барысында аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауылдық округтердегі атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты сараланды.

Толық оқу ...

Парақ 5 барлығы 221

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • ...

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • АУДАН ДИҚАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
  • АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУДА
  • ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ
  • АУДАН ӘКІМІ ЕГІСТІК АЛҚАП БАСЫНДА

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Толық оқу ...

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Жуырда «Қарттар күнінің» құрметіне Ұзын ата ауылдық мәдениет үйінде «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында аудандық термешілер байқауы болып өтті.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның көк туын қорғаған спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қырғыз Республикасында 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір