Елімізде 1 наурыз Алғыс айту күні деп жариялаған. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде еліміздегі өзге этнос өкілдері қиын кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Алғыс айту күнінде ақын, Халық-аралық С.Есенин атындағы «Алтын күз» орденінің, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Парламент Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Қазыбек Исамен кездесті. Арман Романұлы жерлес ақынды «Қазыбек Иса атындағы шығармашылық бірлестіктің» құрылғанына 10 жыл толған атаулы датамен құттықтады.

Кеше 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев ұлағатты ұстаз Жамал Өтегенқызы, алғашқы білім берген ұстазы Ұлбазар Әтемқұлқызы және мүмкіндігі шектеулі Минайм Аманқұлқызы сынды ақжаулықты аналардың шаңырақтарына  барып, құттықтап шықты.

Сәрсенбі күні аудан әкімі Арман Қарсыбаев тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, инфрақұрылым, мал шаруашылығы, жайылымдық жер, жалақы, әлеуметтік көмек алу, конкурспен жер алу және тағы да басқа  әлуметтік мәселелер айтылды.

"Ашық әкімдіктегі – Ашық кітапхана" жобасы бойынша аудандық Орталық кітапхана жанынан құрылған жылжымалы кітапхана пункті аудан әкімдігінің ғимаратынан да ашылды.

Өткен аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандық "Жастар ресурстық орталығының" мамандары мен белсенді жастарды қабылдап, еркін форматта пікір алмасты.