Өскен өңір
Toggle Navigation
  • Бастапқы
  • Газет туралы
  • Саясат
  • Қоғам
  • Спорт
  • Шардара шежіресі
  • Архив ПДФ
  • Әралуан
Таза Қазақстан 1
Таза қазақстан 2
Таза Қазақстан 3
Таза қазақстан 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

            

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.
Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың:
- сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамның сайлануға құқығы жоқ.
Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы – бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Мәслихаттар депутаттығына:
- партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;
- бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса,олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.
Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 

 

РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП...
РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Шардара қаласындағы Абай мәдениет үйінде "Республика күні" ұлттық мерекесіне арналған салтанатты і...

Толық оқу

ОБЛЫС ӘКІМІ ЗАУЫТ ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ЗАУЫТ  ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жуырда облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жұмыс сапары барысында Шардара қаласындағы ин...

Толық оқу

АУДАН ТЫНЫСЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕ...
РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Толық оқу

ОБЛЫС ӘКІМІ ЗАУЫТ Ж...
ОБЛЫС ӘКІМІ ЗАУЫТ  ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Толық оқу

ҚОССЕЙІТТІҢ ТОЙЫ ӨТТ...
ҚОССЕЙІТТІҢ ТОЙЫ ӨТТІ  ДҮРКІРЕГЕН

Толық оқу

АУЫЛДА ЖАҢА СПОРТ КЕ...
АУЫЛДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Толық оқу

КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ШАРУ...
КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ШАРУАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Толық оқу

ҚҰЛМЫРЗА БЕКСҰЛТАН –...
ҚҰЛМЫРЗА БЕКСҰЛТАН – АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

Толық оқу

СҮТКЕНТТЕ АУЫЗСУ ЖҮЙ...
СҮТКЕНТТЕ АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ  ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Толық оқу

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘС...
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 27 Маусым 2025
Қаралды: 1990

Жуырда аудан әкімдігінде «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, қала, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектерін жоғары бағалады.

Толық оқу ...

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ТҮЙІНІ ТАЛДАНДЫ

Жарияланды: 13 Маусым 2025
Қаралды: 1563

Ауданымыздағы «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығының құрылғанына көп болған жоқ. Өткен жылдың басында ғана құрылған орталықтың негізгі міндеті мен бағыты – өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және оларға тиісінше қолдау көрсету болып табылады.

Толық оқу ...

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНДЕ АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды: 30 Мамыр 2025
Қаралды: 1363

Өткен аптада аудандық ардагерлер үйінде облыс тарапынан белгіленген жоспарға сәйкес «Жас ұрпақ тәрбиесі» бағытында алқа мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімдігі мен ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және білім саласының өкілдері, жастар орталығы, аудандық аурухана, бастауыш ардагерлер ұйымдары, әжелер алқасы, медиаторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Толық оқу ...

ТЫЛ АРДАГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 25 Сәуір 2025
Қаралды: 2205

Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл. Аталған мерейлі мерекеге орай жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында шардаралық 97 жастағы тыл ардагері Орынбасар Ақмолдаевты қабылдап, құрмет көрсетті.

Толық оқу ...

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТӨСБЕЛГІ ТАҒЫНДЫ

Жарияланды: 04 Сәуір 2025
Қаралды: 2053

Жуырда Астанада облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекет педагогтерге қолдауды жүйелі түрде арттырып келе жатқанын атап өтті.

Толық оқу ...

СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды: 14 Наурыз 2025
Қаралды: 1936

Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев «Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шадияр  Қондыбаевты қабылдады.

Толық оқу ...

Парақ 218 барлығы 222

  • 213
  • 214
  • ...
  • 216
  • 217
  • 218
  • 219
  • ...
  • 221
  • 222

СОҢҒЫ МАҚАЛАЛАР

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚОССЕЙІТТІҢ ТОЙЫ ӨТТІ ДҮРКІРЕГЕН
  • АУЫЛДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
  • КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ШАРУАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

                     

                    ПДФ НҰСҚА

    

  

 

Құрметтi оқырман!

Өз газеттерiңiз, сүйiктi басылымдарыңыз – «Өскен өңiрге» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу басталғанын назарларыңызға саламыз.

Газетiмiзге 6 айға аудандық «Қазпошта» арқылы 3065 теңге және «Ернұр-пресс» ЖШС арқылы 2718 теңгеге жазылуға болады.

Сонымен бiрге редакцияның өзiнде де жазыла аласыздар.

Газеттiң индексi – 66731.

ҚҰЛМЫРЗА БЕКСҰЛТАН – АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

Жерлесіміз, бұған дейін де талай додаларда топ жарған спортшы Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия пара ойындарында пара дзюдодан жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды!

Толық оқу ...

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ V АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Толық оқу ...

ЖЕРЛЕСІМІЗ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жуырда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты болып өтті. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның көк туын қорғаған спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Толық оқу ...

 

"ӨСКЕН ӨҢІР" ЖШС

Директор-бас-редактор:  

Сәбит Лаханов

Тілшілер: 

Мадина Ералы

                  

                  

БАЙЛАНЫС

Электронная почта:  

oskenonir@mail.ru

LSK_2408@mail.ru

Телефон/факс:

8 (72535) 2-18-60

Бас-редактор:

8 (72535) 2-11-59

 

 МЕКЕНЖАЙ

«Өскен өңір» ЖШС.

Тіркеу куәлігі №11291-Г. 27.12.2010 ж.

Туркістан облысы.  Шардара ауданы, Шардара қаласы,  С.Аширов, 6 үй

 

 

Back to Top

© 2026 Өскен өңір