Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Ұзындығы 235 метрді құрайтын жол аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері кеңсесіне кедергісіз кіріп-шығуына мол мүмкіндік бермек.
Айта кетсек, 2024 жылға Шардара қаласындағы 16 көшеге тас төсеу және асфальт жабынын төсеуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Шардара қаласындағы О.Жандосов, Ш.Уәлиханов, Юсупов, Смағұлов-Алаш, Б.Момышұлы, Ақан Сері және Жаңа емханаға баратын жолға асфальт жабыны, Тәуелсіздік, Қорқытата, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Мұнайбаза, Мұса Жәлел, Т.Рысқұлов көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Қалған Құршан, Ералиев, Ә.Қастеев көшелеріне асфальт жабынын төсеу мақсатында тегістеу, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы 2024 жылдың қыркүйек айының соңына дейін толық аяқтап, тұрғындар игілігіне табыстау жоспарлануда.
Сонымен қатар “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында Қоссейіт ауылдық округіндегі 9 көшеге асфальт жабыны төселуде.
Өз тілшімізден.