Өткен аптада ауданы- мызда білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAI KAZAKSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз педаго- гикалық кеңесі өтті. Кеңес жиынына аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, ардагер ұстаздар, аудандық білім беру мекемелерінің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға келген көпшілік алдымен аудандық мәдениет сарайының фойесіндегі білім беру ұйымдарының жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы көрмені тамашалады.
Шараның ашылу барысын- да Мемлекеттік Әнұранымыз орындалып, жұмыс регламенті бекітілді. Жиында алдымен аудандық білім бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылындағы кемшіліктер мен жетістіктерді жеткізіп, алдағы атқарылатын міндеттерге де тоқтала кетті.
«Білім саласын қаржыландыру бойынша 2023 жылы салаға бөлінген қаржы 26 млрд 58 млн 841 мың теңгені құраса 2024 жылы 27 млрд 022 млн 794 мың теңгені құрады. 2023-2024 оқу жылына «Жалпыға міндетті білім қорына» жалпы 945 млн 41мың теңге қаралған.
1-4 сыныптардағы 7220 оқушыны және аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 919 оқушыны бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 825 млн 134,8 мың теңге, аз қамтылған отбасылар арасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларға сауықтыру, демалыс лагерьлеріне жолдама сатып алуға 66 млн 080 мың теңге қаралып, 1200 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлеріне жіберілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысымен бекітілген 5 санаттағы отбасылардан шыққан балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін 53 млн 826,2 мың теңге қаржы қаралып, нәтежиесінде 1240 бала мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
Аудан мектептерінде 1-сынапқа қабылдау бойынша 1890 оқушы жоспарланған, алайда 1822 оқушының өтініші өңделіп, оқуға қабылданды. Оның 1774-і қазақ сыныбында, 48-і орыс сыныбында білім алатын болады.
Білім мекемелерінің жөндеу жұмыстарына тоқталар болсақ, ағымдағы жылы аудандағы 32 білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жоспарланған.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданда 2023-2024 жылдары 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Біріншісі – Шардара қаласы, 4-ші шағын ауданынан 1200 орындық, екіншісі – Өтеғұл мөлтек ауданы, Исатай көшесі бойынан 300 орындық білім ордасы бой көтеруде.
Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі: ауданда 25 жасанды жол кедергілері орнатылды. 15 жаяу жүргіншілер жолағы сызылып, 20 дана жол белгілері орнатылды.
Білім сапасын арттыру мақсаты бойынша 2024-2025 оқу жылында іске асатын жобалар тағайындалды. Атап айтқанда – «11 мақсатты мектеп», «Цифрлы ұстаз» жобасы, «Инновациялық іс-әрекет, тәжірибе және нәтиже» бағытында ауданда мұғалім тәжірибесіндегі білімін жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу (Lesson studi) жобасы. «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» жобасы, «Тарих сабағында ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы деңгейлеп, саралап оқытудың тиімділігі» жобасы, «Кітапхана + театр» жобасы, «KEMEL BOL» кітап оқу жобалары білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуда.
Білім алушылар мен ұстаздардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, ортақ білім беру бағдарламаларын жасаудағы ынтымақтастық шеңберінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті меморандум жұмыстарды жүйелі атқаруда.
Мектептердегі қауіпсіздік: 30 мектепте 100 пайыз дабыл батырмалары, бейнебақылау камералары орнатылды. Облыстық жедел басқару орталығына 24 мектептің бейнебақылау камералары қосылған. 15 мектепте 50 пайыз турникеттер орнатылған. Лицензиялық күзет көрсеткіші 18 мектепте 60 пай-ызға қамтылған» – деп Жанат Тұяқбайқызы ауданның білім саласындағы жағдаймен толық таныстыру жүргізді.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев сөз алып, ұлағатты ұстаздар қауымын аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің ашылуымен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Сонымен қатар ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін бір топ ұстаздарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілерімен, облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапаттады.
Мұнан соң Шардара ауданының Оқушылар үйінің директоры Сапаркүл Жиенбаева, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Шорабекова, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Еркінәлі Ақбердиев, «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Мөлдір Құрмантаевалар жарыссөзге шығып, заманауи білім беру тақырыбы бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жиын соңында Оқушылар үйінің оқушылары ұстаздарына арнау өлеңдерін оқып, шара соңы әуезді әнмен қорытындыланды.
Осы орайда, жаңа оқу жылының басталуына байланысты бір топ мұғалімдерден сұхбат алған болатынбыз.
«Кейбір ата-аналар білім саласы төңірегінде сөз қозғалғанда, кезіндегі кеңестік білім беру жүйесін еске алады. Алайда ол жүйенің бүгінгі адамның білім және білігінің заман талаптарына сай қалыптасуға мүмкіндік бермейтінін жете түсінбейтін сияқты. Дәстүрлі оқыту Қазақ-стандағы білім алушылардың жеткілікті академиялық білім алуын қамтамасыз еткен жүйе болатын. Жаңа бағдарлама осы жүйеде үлкен реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалар оқушының саналы түрде өзіне керекті білімді өз бетімен жинақтауына және өзіне білім берушіні таңдауға құқылы етіп отыр» – дейді Т.Айбергернов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқытушысы Мөлдір Даниярова
«Қазір елімізде 1-2 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқытылып жатыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан бұл бағытта көлемді әрі күрделі жұмыстар атқарылып жатқанын осы сала мамандары, ғалымдар және біз көріп, саралап отырамыз. Оқу бағдарламасы жаңартылып, соған сәйкес оқулықтар әзірленеді. Білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы. Бүгінгі ғылыми-техникалық, саяси-эканомикалық және әлеуметтік даму деңгейін өткен күнгі жағдаймен салыстыра алмаймыз. Сондықтан да бүгінгі оқушының тұлғалық даму деңгейі жаңа талаптарға сай білім алуды қажет етеді» – дейді С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы Гүлсара Романқұлова.
Ал біз жаңа оқу жылында ұстаздар мен шәкірттерге толағай табыстар мен қарқынды жетістіктер тілейміз!
Мадина ЕРАЛЫ.