Елбасының бастамасымен Қазақстан Республикасында 2005 жылы “Жасыл ел” бағдарламасы кең ауқымда қанат жайды.
Бұл жоба республикамыздың жас азаматтарының тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса бiздiң ортақ шаңырағымыз Қазақстанымыздың өркендеуiне жауапты жаңа буындарды тәрбиелеудi мақсат тұтады. Ұйымның басты мақсаты – Жастардың көмегiмен аймағымызды көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиенi насихаттау.
Осы бағытта ауданымызда “Жасыл ел” еңбек жасағы 2015 жылдан берi ұйымдастырылып, оған жыл сайын 50-60 жас тартылуда. Биылғы жазғы маусымда да маусым, шiлде айларында 35 жасты осы бағдарламаға тарту жоспарланған. Олардың еңбекақысы жергiлiктi және республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
“Жасыл ел” бағдарламасына биылғы қатысушы студенттер мен жұмыссыз жастарға аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң бас маманы I.Алтынбек пен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Б.Қалдарбек сәттiлiк тiлеп, жұмыс барысымен таныстырды. Жастар “Жасыл ел” бағдарламасы аясында “Тұңғыш Президент”, “Тың игерушiлер”, “Б.Саттарханов” саябақтары мен басқа да көше бойындағы гүлзарларда тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.
Өз тiлшiмiзден.