Елімізде АЭС құрылысы туралы 6 қазанда референдум өтетіндігі баршаға белгілі. Қазіргі таңда ұйымдастыруға жауапты мекемелер тарапынан аталған іс-шараның өткізілу ережесі жан-жақты түсіндірілуде. 11 қыркүйекте Шардара аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен осы мақсатта оқыту семинары өткізілді.

Семинарға аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелері және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері қатысты.

Шардара аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Қошалиев семинарды ашып, семинарды өткізуге және тәжірибе алмасуға келген Мақтаарал аудандық референдум комиссиясының хатшысы Г.Қалдарбековамен таныстырды.

Семинарда сөз алған Мақтаарал аудандық референдум комиссиясының хатшысы Г.Қалдарбекова референдум өтетін күні атқарылатын жұмыстар бойынша байқаушыларды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу, қоғамдық бірлестік өкілдерімен, мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс істеу және цифрлық құжаттармен жұмыс, сайлаушыларға дауыс беру бюллетеньдерін беру, үйден дауыс берушілермен жұмыс, дауыстарды санау жөнінде нұсқаулыққа сәйкес түсіндірді. Сонымен қатар, түрлі практикалық кейстер өтіп, кәсіби дағдылар пысықталды.

Семинарға 200-ден аса комиссия мүшелері қатысты. Оқыту өзара пікір алмасу, әрбір жағдайды жіті талдау бағытында өрбіді. Семинар қорытындысымен қатысушылар заңнама бойынша тест тапсырды. 

«Өскен өңір» – ақпарат.