Сүткент ауылының тарихы сонау ХІ ғасырдан бастау алады. Ұлы Жібек жолы бойындағы Сүткент сол заманда өркениет пен мәдениет орталығы саналған. Шежіресі тереңде жатқан осынау мекенде 1844 жылы Сүткент кеңшары құрылып, аудандағы алдыңғы қатарлы ұжымға айналды. Кешегі аптада осы Сүткент ауылының 80 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді.
Ауылдың мерейтойына аудан әкімі Арман Қарсыбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын, қоғам қайраткері Қазыбек Иса, Сүткент топырағында туылып, бүкіл республиканы мойындатқан ақын Әлібек Шегебай, ел ағалары – Әбдіжаппар Оңалбаев, Рақымжан Кенбай, Тоқсанбай Бердібеков, Қыстау Ілесов бастаған еңбек ардагерлері арнайы қатысты.
Салтанатты шара барысында ауылда «Құрмет тақтасы», «Ардагерлер аллеясының» тұсауы кесіліп, ауылға кірер тұста арка ашылды. Ардагерлер аллеясындағы ескерткіш тақтада Сүткент ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанған 52 соғыс және 1 Ауған соғысы ардагерлері мен Еңбек ардагерлерінің есімі орын алған.
Бүгінгі таңда Сүткент ауылында 3066 адам тату-тәтті ғұмыр кешуде. Негізгі күнкөріс көзі диқаншылық пен мал шаруашылығы.
Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Қарсыбаев жиналған қауымды құттықтап, кеңшардың дамуына үлес қосқан еңбек адамдары мен ауылдан шығып, алысқа қанат қаққан ауыл мақтаныштарын «Сүткенттің 80 жылдағы» мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ, Қазыбек Иса, Дайрабай Үсіпбаев, Әлібек Шегебай сынды ел ағалары ізгі тілектерін білдірді.
Салтанатты жиын ұлттық ойындардан бәсекеге ұласып, кешқұрым концерттік бағдарламамен жалғасып, дүбірлі тойдың қызығы еселенді.
Өз тілшмізден.