Аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай қаладағы бiрқатар нысандарды аралап, онда жүргiзiлiп жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты.
Атап айтқанда, Жiбек жолы көшесiндегi «Үш арыс» нысанын абаттандыру жұмысымен, Төле би көшесiндегi жаңадан салынып жатқан желiлiк саябақтың жұмысымен, Орталық стадионда жүргiзiлiп жатқан күрделi жөндеу жұмысымен, Астана көшесiндегi 4 қабатты, 40 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысымен, Ә.Молдағұлова көшесiнiң бойындағы абаттандыру жұмыстарымен, қаладағы iшкi жолдарға жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстарымен және 4-ықшам ауданындағы ауызсу мәселелерiмен танысып шықты. Аудан басшысы аталған жұмыстарды атқарып жатқан мердiгерлерге сапалы да уақытылы жұмыс атқаруын және жауапты қызметкерлерге қадағалау жүргiзiп отыруды қатаң тапсырды.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.