Облыс әкiмiнiң «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Қоссейiт ауылдық округiнде тұратын жалғызбасты 4 баланың анасы Есболатова Нұргүл Бекжанқызы баспаналы болды.

Көп балалы ананың баспаналы болып, қуанышқа кенелуiне осы ауылдағы «Сырдария» жалпы орта мектебiн 2000 жылы бiтiрген түлектер демеушiлiк танытты. Аптаның сейсенбiсiнде 20 жылдық түлектердiң демеушiлiгiмен, Қоссейiт ауылы әкiмдiгi және ауыл билерiнiң ұйымдастыруымен көпбалалы анаға 3 бөлмелi тұрғын үйдiң кiлтi және тұрмыстық техникалар табысталды.

Бiр айта кетерлiгi – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қоссейiт ауылында жыл сайын осы тақылеттес iзгi iс жасау үрдiске айналған. Iзгiлiктiң шапағатын көрiп, өз үйiнiң табалдырығын аттаған Нұргүл Бекжанқызы көмек қолын созған барша азаматтарға алғыс айтты.

Өз тiлшiмiзден.