Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан 24 және 36 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй мен шайынды суларды жинақтайтын шайынды су тұшыту алаңының құрылысмен танысты.
Айта кетсек, жыл соңына дейін бекітілген бес санаттағы жандарға 120 пәтер кілтін табыстау жоспарланып отыр. Арман Романұлы тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен сөйлесіп, жұмысты сапалы және уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, Әсемай шағынауданындағы жаңадан салынып жатқан кәріз суларын жинақтау станциясының жұмысымен танысты.
Тарқатып айтсақ, Шардара қаласындағы орталықтандырылған кәріз құбыры жүйелері арқылы шайынды су жинақтап, сүзгіден өткізу алаңын жаңадан салу бойынша жобалау сметалық құжаты әзірленіп, Шардара қаласындағы кәріздік тазалау стансасы (КОС) маңынан жалпы ауданы 5,0 га құрайтын жер телімінің құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан құрылысы барысында Шардара қаласында жаңа шайынды су тұшыту алаңы салынып, шайынды су жинайтын бөгет салынып, кәріздік тазалау стансасынан диаметрі 300 мм, ұзындығы 500 метрді құрайтын кәріз құбыры жүргізіліп, жаңадан салынған шайынды су тұшыту алаңына жалғанады. Осы жоба аясында Шардара қаласындағы шайынды суларды жинақтайтын шайынды су тұшыту алаңы бойынша өзекті мәселе шешімін табатын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.