Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың ауданға инвестиция тарту туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө.Рүстемов және қала әкімі О.Айдосов Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына іссапармен барып, кездесулер өткізді.

Кездесу барысында "Дустлик энергиясы» бірлескен кәсіпорын басшыларымен жүздесіп, аудандаға инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы толыққанды мәліметтер ұсынылды.

Өз кезегінде кәсіпорын басшылары күн көзінен қуат алатын батареяларды орнату, ет өнімдерін өңдеу, тері өндеу секілді кәсіпорындар ашуға қызығушылықтарын білдіріп, ауданға арнайы өз жобаларымен келетіндігін жеткізді. Іссапар барысында Делегация мүшелері Ташкент каласындағы сауда орталығының төбесіне орнатылып, пайдалануға берілген күн батареяларының жұмысымен танысты.

«Өскен өңір» – ақпарат.