Республика күні қарсаңында облыс орталығы – Түркістанда «Жаса, жайна, Қазақстан!» атты салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, «Тұлғалар» прологымен ашылған мерекелік кештің көрнекті сәттері ұлттық мерекенің мәні мен маңызын жан-жақты айшықтады.
Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңір тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар, өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Шарада облыстағы бірқатар азаматтардың еңбегі еленді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталған жандардың ішінде үш жерлесіміз мемлекеттік наградаға ие болды. Атап айтқанда, ауданның Құрметті азаматы Талбидин Зәкірхан Раманқұлұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Шебер» мүгедектер қоғамының директоры Бақтыкерей Омар Әсенұлы мен ауыл шаруашылығы саласының ардагері Мұсаева Ақілгек Құрбанқызы «Шапағат» медалімен марапатталды.
Өз тілшімізден.