Өткен аптада 4 маусым Қазақстан Республикасының рәмiздерi күнiне орай, «Шардара Армспорт» клубында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi» алаңшасының ашылу рәсiмi болып өттi.
Жиынға қатысқан аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларды мерекемен құттықтады. Аталған алаңшаның лентасын қол күресiнен әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаевпен бiрге қиды.
Сонымен қатар, аудан басшысы «Шардара Армспорт» клубындағы олимпиада спорты түрiне жататын «Семсерлесу» залының да ресми ашылуына қатысып, спортшыларға спорттық жабдықтарды сыйға тартты. Аудан әкiмi Шардара ауданын бүкiл әлемге танытып отырған «Шардара Армспорт» клубының ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, дүниежүзiн бағындырар олимпиада чемпиондары шыға беруiн тiледi.
Өз тiлшiмiзден.