Облыс әкiмi Ө.Шөкеев Мақтаарал ауданындағы тасқыннан зардап шеккен 7 елдi мекендегi тұрғындарды эвакуациялық орындарға жайғастыруды,

оларды азық-түлiкпен қамтамасыз етудi және ауылдарда тазалық жұмыстарын жүргiзудi аудандарға бөлiп берген болатын.

Осы тұрғыда, Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңiс елдi мекенiнде белгiленген жұмыстарды жүргiзу Шардара ауданына жүктелген болатын.

Қазiргi таңда, Жеңiс ауылында тазалық жұмыстары аяқталып, су астында қалып зақымданған тұрғын үйлердi иелерiнiң рұқсатымен бұзу жұмыстары атқарылуда. Аталмыш жұмыстар күнделiктi жүргiзiлiп отыр. Ол үшiн ауданымыздан 55 ерiктi тартылып, жалпы бүгiнге дейiн 450 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, Жеңiс ауылындағы қауiпсiздiктi Шардара аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi күзетуде.

Кешегi аптада аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай Жеңiс ауылында жүрiп жатқан жұмыстармен танысып, жергiлiктi тұрғындарға мемлекет тарапынан берiлетiн өтемақы мәселелерi бойынша толыққанды жауап бердi.

Аудан әкiмiнiң  баспасөз қызметi.