Жуырда аудан әкімі Арман Қарсыбаев қытайлық бизнес өкілдерін қабылдады.

Олар Шардара ауданында мақта саласы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті. Қытай елінің «Жан Е Фан Джи» компаниясының басшылығы келіп аудан әкімімен мақта саласына инвестиция тартуға келіссөзер жүргізді. 

Жоспар бойынша тамшылатып суару жүйесі арқылы мақта егу, мақта өңдеу зауыты, тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын кәсіпорындарды іске асыру бойынша жобалары талқыланды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.