Жуырда Малайзия елінің Куала-Лумпур қаласында сурдо таеквондо спортынан ересектер арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Аталған додада жерлесіміз Елнұр Ақжігітов еліміздің атынан сынға түсіп, сары құрлықтың мықтыларымен бақ сынаған еді. Жарыс қорытындысына сйкес Е.Ақжігітов өз салмағы бойынша жеңімпаз атанған болатын.
Апта барысында елге оралған жеңімпазды аудан басшысы Арман Қарсыбаев арнайы қабылдап, ресми түрде құттықтап, жеңісті күндер тіледі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.