Қазiргi таңға дейiн ауданымыздың диқандары 6500 тонна қарбызды Қазақстан аумағына және ТМД елдерi бойынша экспортқа шығарды.
Сондай-ақ, ел аумағында және шетелдерге аталмыш бақша өнiмiн экспорттау қарқынды жалғасуда.
Бүгiнде тұтынушылар мен кәсiпкерлер қарбызды егiстiк алқабының басынан бiр келiсiн 80-95 теңге аралығында сатып алуда. Диқандар бұл көрсеткiш алдағы уақыттары бұдан да арта түсетiнiн айтады.
«Өскен өңiр» – ақпарат.