Шардаралық диқан, «Тұрар» шаруа қожалығының иесi Ан Юрий Владимирович өзiнiң 45 гектар пияз алқабынан алғашқы 500 тонна өнiмiн сатылымға шығарды.

Диқанның егiстiк алқабында пияздың бiрнеше сұрыпы өсiрiледi. Атап айтқанда, мұнда 12 гектар жапондық «сеншуй» тұқымы, 6 гектар голландық «бонус», 6 гектар түркiлiк «бабач», 7 гектар ерте пiсетiн «бабач» тұқымы, орта және кеш пiсетiн 9 гектар түркiлiк «Манас», 3 гектар «Кенди» тұқымы (Түркия), 1 гектар «Афелия» және 1 гектар «Голдстар» (Оңтүстiк Корея) тұқымдары өсiрiледi. Шаруа қожалық бригадирi өнiмдi егiстiк алқабының басынан әр келесiн 60-63 теңге аралығында сатып жатқанын мәлiмдедi. 45 гектар пияз алқабының барлығы тамшылату әдiсiмен суланды-рылады.

Бұл тамшылату әдiсiмен 1 сағатта 1 метр жерге 1 литр 600 грамм су кетсе, ал жүйек (арықша) арқылы сағатына 90 литр су далаға кетiп ысырап болады дейдi шаруа қожалық иесi. Сонымен қатар, егiстiк маусымында аталмыш шаруа қожалық 80-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырады.

Сондай-ақ, кәсiпкер Ан Юрий күзге дейiн пияз алқабынан 5000 тоннадан артық өнiм алу күтiлiп отырғанын айтты.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.