Облыс әкiмiнiң «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданы әкiмдiгiнiң қолдауымен, Қ.Тұрысбеков ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептi 2000 жылы бiтiрген түлектердiң ұйымдастыруымен тағы бiр мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Түлектер 6 баланың анасы, «Күмiс алқа» иегерi Бақтыгүл Налтаева мен шаңырақ иесi – жалдамалы шопан болып жұмыс iстейтiн әкесi Құттыбай Әуелбековтiң отбасын үлкен қуанышқа кенелттi.

Қуанышты жағдайға құтты болсын айта барған аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиев 20 жылдық түлектердi аудан әкiмiнiң Алғыс хатымен марапаттап, iзгi тiлектерiн бiлдiрдi.  Бұл үй ағымдағы жылы ауданымыздағы демеушiлер тарапынан берiлiп жатқан тоғызыншы баспана болып тiркелдi. Мұндай игi бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.