Дүниежүзiн әбiгерге салған коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған “Бiз бiргемiз” жалпыұлттық акциясы аясында “Nur Otan” партиясымен бiрге халыққа қолдау

көрсетуде валантер ретiнде белсене атсалысқан ауданның бiр топ жастары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi –  Елбасымыз “Nur Otan” партиясының төрағасы, Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Марапатты аудан әкiмi, “Nur Otan” партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Қайрат Жолдыбайұлы салтанатты жағдайда табыстады. Мұндай марапатқа ие болған Дiлдәбек Нұрболат, Бақытжанқызы Аружан, Бекман Ғалымжан, Нарбай Бекжұма, Нарбеков Нұрбол, Мұсабеков Мейiржан және Бекмұратов Қуаныштар өздерiне құрмет көрсеткен Елбасыға деген ризашылығын бiлдiрдi.

Аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерi мен бiр топ ерiктiлер коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланған шақта халыққа азық-түлiк, дәрi-дәрмек, басқа да қажеттiлiкпен қамтамасыз етiп қызметтер көрсеткен.

Өз тiлшiмiзден.