Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Алатау батыр ауылдық округінде орналасқан  «Қазақстан» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ондағы құрылысқа жауапты аурухана өкілдері және мердігер тараппен тілдесіп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынын талқылады.

Айта кетсек, «Шардара аудандық орталық ауруханасына» қарасты Алатау батыр ауылдық округінде орналасқан «Қазақтан» бастапқы медициналық санитарлық көрсету орталығының ғимараты 1980 жылы типтік түрде салынған. Соңғы рет 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Елді мекендегі халық саны – 9100 адам. Ғимараттың тозығы жетуіне байланысты жобалау сметалық құжаты 2023 жылы «NOVA ATRIUM» ЖШС мекемесімен жасалып, мемлекеттік  сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын.

Күрделі жөндеу жұмыстарын мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.