
Кешегі аптада Түркістан қаласында педагогтер арасында «ROBOTUR V» облыстық байқауы өтті. Аталған байқауға Шардара ауданының ұстаздары да қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Облыс көлеміндегі барлық аудандардан қатысқан командалар арасында шардаралық мұғалімдер 8 санат бойынша 5 жүлделі орынға ие болды.
Атап айтқанда, «Лабиринт» санаты бойынша бірінші орын, «Innovation Project» санаты бойынша екінші орын, «Robot Design» және «Инверсті сызық» санаты бойынша үшінші орындарды жеңіп алды. Бұдан бөлек «Көрме» санаты бойынша 2 мадақтамаға ие болды.
Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте 18 команда арасында Шардара ауданы ІІІ орынды иеленді.
Бұл жеңіс – ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Шардаралық ұстаздардың табысы – ауданымыздың білім саласындағы биік белестерге ұмтылысының айқын дәлелі.
Ұстаздар қауымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
Өз тілшімізден.

Кешегі аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экофестивалі аясында Астанадағы «Жастар» саябағында ағаш екті. Оған экобелсенді жастар да қолдау білдіріп, табиғатқа қамқорлық білдірудің жарқын үлгісін көрсетті.
Толық оқу ...

Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл. Аталған мерейлі мерекеге орай жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында шардаралық 97 жастағы тыл ардагері Орынбасар Ақмолдаевты қабылдап, құрмет көрсетті.
Толық оқу ...

Сәуір айының орта тұсында Түркия елінде өткен “Fibonacci International Robot Olympiad” халықаралық чемпионатында М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатынаның дарынды оқушыларынан құралған команда үлкен жетістікке жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Толық оқу ...