Өткен аптада аудан әкiмi Қайрат Жолдыбайұлы қаладағы бiрқатар нысандарды аралап, онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып шықты.

Аудан басшысы әуелi орталық стадион мен «Тұңғыш Президент» саябағында жүргiзiлiп жатқан күрделi жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнан соң қаладағы жаңадан бой көтерiп жатқан аудандық полиция бөлiмiнiң ғимараты мен Төле би көшесiндегi «Желiлiк саябақ» құрылысындағы жұмыстарды тексерiп шықты. Сондай-ақ, 14-бекет елдi мекенiндегi көше бойын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын  көрiп, тиiстi мекеме басшыларына жұмысты сапалы атқару керектiгiн ескерттi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.