Коронавирус iндетiне қарсы күрестегi оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупi әлi сейiлген жоқ. Азаматтардың денсаулықтарына зиян келтiрмеу үшiн, әсiресе,

көпшiлiк жиналатын жерлерде қауiпсiздiк шараларын сақтауға шақырамын.

Карантин режимi жеңiлдетiлгенiмен, әлi де сақталуда. Сондықтан дәрiгерлердiң кеңесiне құлақ салып, талаптарын орындағанымыз абзал.

Қазақстан көршiлес мемлекеттер арасында бiрiншiлердiң қатарында коронавирусқа қарсы iс-шаралар жүргiздi. Төтенше жағдай кезiнде карантиндiк шектеулерден азаматтарымыз бiраз қолайсыз жағдайларға ұшырады. Бұл әрине, өкiнiштi, бiрақ басқа амал жоқ.

Медицина саласы қызметкерлерiнiң бiлiктi және қайратты еңбегiнiң арқасында халыққа сапалы қызмет көрсетiлуде. Дегенмен оның нәтижелi болуы үшiн, карантин талаптары бұлжытпай орындалуы керек екенi белгiлi. Сондықтан отбасы, ағайын-туыстың және қала берсе, елiмiздiң келешегi өз қолымызда екенiн ұмытпайық!

Өкiнiшке қарай, iндет Елбасыны да айналып өтпедi. Оған қарамастан, Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев қашықтықтан жұмыс iстеп жүр. Бiрнеше ел Президенттерi өз ниеттерiн бiлдiрiп, Қазақстанның Тұңғыш Президентiнiң сауығып кетуiн тiледi. Мен де шын жүректен тiлектес екенiмдi айтқым келедi. Сонымен бiрге, басқа да отандастарымызға сауығып, отбасыларымен қауышқандарын тiлеймiн.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауларында iндетке қарсы шараларды айта отырып, сабырлы болуға шақырды. Өзiнiң тiкелей тапсырмасымен iндетпен күресуге қосымша қаржы бөлiп, халыққа қолдау көрсетiп жатыр.

Құрметтi отандастар!

Өмiр болған соң әртүрлi жағдай орын алып жатады. Осы ретте, атадан қалған “Жұмыла көтерген жүк жеңiл” деген сөз бар. Осыдан “Бiз бiргемiз!” деген сөз, ұранға айналды. Мақтааралдық ағайындарымыз оны iс жүзiнде сезiндi. Су басу салдарынан зардап шеккен отандастарымызға елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен көмек лезде жеткiзiлдi. Күн демей, түн демей көршiлес ауыл азаматтары келiп, елдi мекендердi су басудан қорғады.

“Жақсылықтың ерте, кешi болмайды” деген бабалар! Ел басына iс түскенде қасынан табылу, ол – борышым! Ағайын мен жолдастың қайғысын бөлiсу, ол – парызым! Ал карантиндiк жағдайдың талабын орындап, барынша сақтану көпшiлiк алдында және әрiптестерiмнiң алдында жауапкершiлiгiм деп бiлемiн.

Сол себептi ағайындар, әр жағдайға түсiнiстiкпен қарап, кешiрiмдi болайық. Әрбiр iстiң соңы қайырымды болсын. Болған iске болаттай берiк болайық!

Парламент мәжiлiсiнiң депутаттары дәрiгерлердiң барлық талаптарын орындап, қашықтықтан жұмыс iстеп жүргенiне үш айдан асты. Жұмыс кестесi жоспарлы түрде маңызды iстерге толы. Өзiндiк қиындықтары бар. Дегенмен, әрбiр әрiптесiм сапалы заң шығаруға атсалысып, халқымыздың өмiр сүру сапасын арттыру мақсатында депутаттық сауалдар жолдауда.

Жеңiстi күндерiмiз көп болсын!

Құдайберген ЕРЖАН, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, “Nur Otan” фракциясының мүшесi