Құрметтi  шардаралықтар!

Баршаңызды Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының астанасы  болып ресми түрде жарияланды. Одан берi  өткен 23 жылда Нұр-Сұлтан қаласы адам танымастай өзгердi.

Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсiз Қазақстанды  әлемге  танытты. Мұнда әлемдiк көшбасшылардың кездесулерi,  әлемдiк және дәстүрлi дiндер съезi, ЭКСПО-2017 көрмесi, аса өзектi саяси, экономикалық және әлеуметтiк – мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегi  халықаралық iс-шаралар өткiзiлiп келедi. Ол Еуразияның  кiндiк қаласына – елдердiң орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенiм мен өзара түсiнiстiктi нығайту тетiктерi қарастырылатын ортаға айналды.

Нұр-Сұлтан қаласының аяққа тұруы, оның әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiнiң артуы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың есiмiмен тiкелей байланысты. Сол себептi де Қазақстан Республикасының Президентi Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылғы 23 наурызда астана атауы Нұр-Сұлтан атауына өзгертiлген болатын.

Қазақстанның жас Елордасы, бүгiнгi Нұр-Сұлтан қаласы-қарыштап дамыған мемлекеттiң, мәңгiлiк достықтың символына айналды.

Құрметтi жерлестер!

Баршаңызды елiмiздегi ерлiк пен елдiктiң, бейбiтшiлiк пен ынтымақтастықтың бесiгiне айналған Нұр-Сұлтан қаласы күнi  мерекесiмен құттықтай отырып, дендерiңiзге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiз

.

Аудан әкiмi  Қ. Жолдыбай

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Мүталиев