Түркiстан облысының аумағында коронавирусты инфекциямен сырқаттанушылардың өсуiне байланысты карантиндi шектеу шараларын енгiзу туралы қаулы қабылданды.

Ондағы мақсат – COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу.

Түркiстан облысының Бас санитар дәрiгерiнiң қаулысына сәйкес, Түркiстан облысының аумағында карантин және шектеу ic-шаралары 2020 жылғы 5 шiлде сағат 00.00-ден 19 шiлде сағат 00.00-ге дейiн ұзартылсын делiнген. Қаулы аясында көпшiлiк iс-шараларды өткiзуге тыйым салынады. Сондай-ақ, кинотеатрлардың, түнгi клубтардың, спорт, фитнес, жаттығу залдарының, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерiнiң, сауда, ойын-сауық кешендерiнiң жанындағы балалардың ойын алаңдарының, қосымша бiлiм беру бойынша мектептен тыс ұйымдар, компьютерлiк клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтарының, фудкорттардың, банкет залдарының, спорт кешендерiнiң қызметi тоқтатылады.

Күшейтiлген санитарлық-дезинфекциялық режимдi сақтай отырып, қонақүйлер мен санаторийлердi қоспағанда, туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметiне тыйым салынады. СПА орталықтары, монша және сауналардың жұмысы тоқтатылады. Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылады. Меншiк нысанына қарамастан, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң қызметi тоқтайды. Бiлiм беру ұйымдары қашықтықтан оқыту жүргiзедi. Сонымен қатар, азық-түлiк және азық-түлiк емес жабық базарлар, автомобиль, киiм-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылады. Сұлулық салондары мен шаштараз қызметiне тыйым салынады. Дiни объектiлердiң жұмысы тоқтатылады. 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсiз көшеге шығуы шектелiп, 14 жасқа дейiнгi балалардың ересек-терсiз жүруiне болмайды. 3 адамға дейiн көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, субұрқақтарда, жағалауларда, скверлерде халықтың жүруi шектеледi. Қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады.

Сондай-ақ, жерлеу iс-шараларын жүргiзу кезiнде кемiнде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20 адамға дейiн (отбасы мүшелерiнiң) жиналуға рұқсат етiледi. Облыс аумағында бетперде кию тәртiбi сақталады.

Азық-түлiк базарлары жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 16.00-ге дейiн, сенбi-жексенбi күндерi сағат 08.00-ден 13.00-ге дейiн жұмыс iстейдi. Азық-түлiк емес базарларының жұмыс күндерi (дүйсенбi-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейiн шектелсе, демалыс күндерi (сенбi-жексенбi) жұмысын тоқтатады; супермаркет, минимаркеттер, сондай-ақ үй жанындағы дүкендердiң жұмыс режимi жұмыс күндерi (дүйсенбi-жұма) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейiн, демалыс күндерi (сенбi-жексенбi) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейiн шектеледi.

Құрылыс дүкендерiнiң, оптика, гүл дүкендерiнiң, зоомагазиндердiң жұмысы жұмыс күндерi (дүйсенбi-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейiн шектеледi, демалыс күндерi (сенбi-жексенбi) жұмысы тоқтатылады.

Техникалық қызмет көрсету станцияларының, авто жуу орындарының, дөңгелек жөндеу, автобөлшектер дүкендерiнiң, автосалондардың жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн шектеледi.

Фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, сату дүңгiршiктерiнiң жұмыс күндерi (дүйсенбi-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейiн шектелiп, демалыс күндерi (сенбi-жексенбi) жұмыстары тоқтатылады;

Қоғамдық көлiктер сағат 06:00-ден 10:00-ге дейiн және кешкi сағат 17:00-ден 21:00-ге дейiн жүредi.

Санитарлық-дезинфекция-лық режимдi сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектiлерi 30 орынға дейiн, ал ашық жазғы алаңдардың жұмысы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейiн шектеледi.

Түркiстан облысының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.